shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ: ӘЗЕРБАЙЖАН ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы 21 қазанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының этнографиясы (Әзербайжан)» тақырыбында ғылыми дәріс өтті.

Ғылыми іс-шараға «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында факультетке академиялық сапармен келген Әзербайжан Республикасының Әзербайжан тілдер университетінің тарих ғылымдарының докторы Тарана Гулузаде арнайы қатысып, дәріс оқыды.

Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған ғылыми дәріс барысында түркі халықтарының, соның ішінде Әзербайжан халқының этнографиялық ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүрлері, тарихи-мәдени мұрасы мен рухани құндылықтары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығы, ортақ этнографиялық құндылықтары мен мәдени байланыстары жөнінде ғылыми тұжырымдар ортаға салынды.

Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Қатысушылар дәріс тақырыбы аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ғылыми талқылау жүргізді.

Аталған ғылыми дәріс білім алушылар мен жас зерттеушілердің түркі халықтарының тарихы мен этнографиясы жөніндегі білімдерін тереңдетуге, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э.У. Зулпыхарова мазмұнды ғылыми дәрісі және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Әзербайжан тілдер университетінің тарих ғылымдарының докторы Тарана Гулузадеге арнайы сертификат табыстап, алғысын білдірді.