shape
shape
Жаңалықтар
Blog Image

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» секциясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарастырылды

2026 жылғы 6 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы аясында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша секциялық отырыс өтті.

Секциялық отырыс сағат 10:00–13:00 аралығында 126-аудиторияда ұйымдастырылды.

Секция жұмысына төраға, PhD, аға оқытушы Сұлтанбек М.Ж., PhD, аға оқытушы Абдуллина Г.Т., аға оқытушылар Сахитжан С.О., Шалабаева Ж.С., сондай-ақ секция хатшысы, магистр, оқытушы А. Төребай қатысты.

Сонымен қатар ғылыми отырысқа факультет деканының орынбасары Ш. Алмазұлы және тарих кафедрасының меңгерушісі А. Джумадуллаева қатысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының негізгі мақсаты — студенттердің ғылыми ізденістерге қызығушылығын арттыру, зерттеушілік әлеуетін дамыту, дарынды жастарды қолдау және бастауыш білім беру саласындағы өзекті ғылыми-педагогикалық мәселелерді қарастыру.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту — болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Мұндай ғылыми іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына, ғылыми ойлауын дамытуына және зерттеу нәтижелерін педагогикалық қызметте қолдану мүмкіндіктерін қарастыруына жағдай жасайды.

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасы үшін студенттердің ғылыми ізденістерін қолдау, олардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру және ғылыми әлеуетін дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.