ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ РӘСІМДЕУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
2026 жылғы 13 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін қолдауға, зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Авторлық құқықты рәсімдеу жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинарды PhD, аға оқытушы Б.М. Әліпбай ұйымдастырып, профессор-оқытушылар құрамына авторлық құқықты рәсімдеу тәртібі бойынша әдістемелік қолдау көрсетті.
Семинардың негізгі мақсаты – оқытушылардың зияткерлік меншік және авторлық құқық саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін құқықтық тұрғыдан қорғау жолдарын түсіндіру, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін ресми тіркеу тәртібі жөнінде қажетті ақпарат беру.
Жиын барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік және шығармашылық еңбектерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, монографиялар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік материалдар, бағдарламалық өнімдер және басқа да зияткерлік меншік нысандарына авторлық құқықты рәсімдеудің заңнамалық негіздері мен практикалық тетіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар авторлық құқық объектілерін тіркеуге қажетті құжаттарды дайындау, өтінім беру тәртібі, авторлық куәлік алу кезеңдері, авторлардың құқықтары мен міндеттері, зияткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдаланудан қорғау жолдары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, авторлық құқықты рәсімдеу кезінде кездесетін мәселелер бойынша нақты жауаптар мен әдістемелік ұсыныстар алды. Әсіресе, ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік басылымдарды авторлық құқық ретінде тіркеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Аталған әдістемелік семинар оқытушы-профессорлар құрамының зияткерлік меншік саласындағы білімін жетілдіруге, ғылыми және шығармашылық еңбектердің авторлық құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми нәтижелерді құқықтық тұрғыдан рәсімдеу тәжірибесін дамытуға мүмкіндік берді.
Қорытындылай келе, мұндай әдістемелік іс-шаралар университет оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын арттыруға, зияткерлік меншік нысандарын тиімді қорғауға және ғылыми жетістіктерді заң аясында рәсімдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ 