ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ФАКУЛЬТЕТТІҢ ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2026 жылғы 1–7 қараша аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Хажеттепе университетінің профессоры, доктор Юнус Коч арнайы сапармен келді.
Сапардың негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, тарих ғылымы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және болашақта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға негіз қалау.
Академиялық сапар барысында профессор Юнус Коч факультеттің тарихшы ғалымдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, тарих ғылымының өзекті бағыттары, ғылыми зерттеулердің даму үрдістері және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде профессор Юнус Коч өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, тарих ғылымының қазіргі даму бағыттары мен зерттеу перспективалары жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ тарих саласындағы ғылыми ізденістерді жандандыру, ғалымдар арасындағы академиялық әріптестікті дамыту, бірлескен ғылыми жарияланымдар әзірлеу, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Факультеттің тарихшы ғалымдары да өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет беріп, халықаралық ғылыми байланыстарды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесу мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, екі тараптың болашақтағы ғылыми және академиялық ынтымақтастығына жаңа мүмкіндіктер ашты.
Академиялық ұтқырлық аясындағы бұл кездесу халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтуге, ғылыми әріптестікті нығайтуға және тарих ғылымы саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
Халықаралық академиялық байланыстарды нығайту – ғылым мен білімнің дамуына жол ашатын маңызды бағыт. Осындай кездесулер отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы кәсіби байланысты арттырып, университеттің халықаралық ғылыми кеңістіктегі ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал етеді.
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ 