ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
2026 жылғы 17 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде Халықаралық студенттер күніне орай белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
Мерекеге орай факультеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және оқу-танымдық өміріне белсене араласып, университет пен факультет деңгейінде ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушыларға құрмет көрсетілді.
Белсенді студенттерді факультет деканы, қауымдастырылған профессор Э.У. Зулпыхарова және факультеттің аға оқытушысы Б.М. Әліпбай марапаттады.
Марапаттау барысында студенттердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі, бастамашылдығы мен факультет дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Студенттерге алдағы білім жолында сәттілік, шығармашылық ізденіс және жаңа жетістіктер тілектерін білдірді.
Барлық марапат иелерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз! Білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындырып, университетіміздің мақтанышына айнала беріңіздер!
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ 