ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ӨЗБЕКСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАНДАН КЕЛГЕН ОҚЫТУШЫЛАР ФАКУЛЬТЕТІМІЗДЕ ҚОНАҚТА
2026 жылғы 16–21 қараша аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу кездесулері ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында арнайы іссапармен келген профессор-оқытушылар құрамының делегациясы факультетте болды.
Делегация құрамында:
- п.ғ.д., PhD, доцент Жолдасов Ихтияр Суюндикович;
- п.ғ.д., PhD, доцент Пармонов Шарофиддин Шавкатович;
- т.ғ.д., PhD, доцент Жумаева Шоира Бердияровна;
- п.ғ.д., PhD, доцент Нафасов Арслон Комилович;
- т.ғ.д., PhD, доцент Жайнаров Обиджон Хамид ұлы болды.
Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасының Мингячевир мемлекеттік университетінің тарих бағыты бойынша философия докторы, доценті Вусала Мовлаева Орхун алмасу бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында 14 күндік академиялық сапармен келді.
Іссапар аясында қонақтар факультет деканы, қауымдастырылған профессор Э.У. Зулпыхарова және тарих кафедрасының меңгерушісі Ә. Джумадуллаевамен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайту, білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар білім беру бағдарламаларын жетілдіру, заманауи оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу, ғылыми жобалар мен халықаралық конференцияларға бірлесіп қатысу, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту бағыттары бойынша өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында университеттердің ғылыми және білім беру әлеуетін тиімді пайдалану, ортақ ғылыми қызығушылықтар негізінде жаңа бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Халықаралық академиялық алмасу бағдарламалары аясындағы мұндай кездесулер жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық байланысты нығайтып, ғылыми-білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ 