«CYBER SAFE AYU 2026»: ФАКУЛЬТЕТ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Бүгін, 2026 жылғы 19 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде студенттердің киберқауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігіндегі түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында «CYBER SAFE AYU 2026» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге факультеттің білім алушылары қатысып, қазіргі цифрлық кеңістікте жиі кездесетін киберқауіптер, интернет-алаяқтық түрлері және олардан қорғану жолдары туралы маңызды ақпарат алды.
Іс-шара барысында университеттің Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ерболат Тұрсынбек баяндама жасап, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында туындап отырған негізгі киберқауіптерге тоқталды. Спикер интернет-алаяқтықтың алдын алу, дербес деректерді қорғау, фишингтік шабуылдардан сақтану және ақпараттық гигиена талаптарын сақтау мәселелерінің маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар студенттерге күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс дереккөздерден келетін ақпараттың шынайылығын тексеру, күрделі әрі сенімді құпиясөздерді пайдалану, жеке мәліметтерді қорғау және интернет желісінде жауапкершілікпен әрекет ету бойынша практикалық кеңестер берілді.
Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала маманынан тұшымды жауаптар алды.
«CYBER SAFE AYU 2026» бастамасы – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киберқауіптерге қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық шара.
Факультетте білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және цифрлық ортадағы қауіп-қатерлердің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Дөңгелек үстел
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы! 