Жолыңыз болсын, ардақты, Ұстаз!
Университетіміздің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов ағайымыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүр. Университет Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі және Түркістан облыстық Полиция департаменті Консультативтік кеңесінің мүшесі.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Ел бірлігі, Ұлттар арасындағы ынтымақтастық бағытында ғылыми-сараптамалық топ жетекшісі ретінде атқарған адал қызметі үшін Ассамблеяның мерекелік медалімен марапатталды. Бүгін ұстазымыз Астанаға Ассамблеяның салтанатты жиынына аттанып барады. Салтанатты басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп күтілуде.
Жолыңыз болсын, ардақты, Ұстаз!