Білім, ғылым саласында заманауи талаптарға сай білікті, бәсекеге қабілетті, инновациялық ғылыми-зерттеу әдіснамасы мен оқыту әдістерін, тәжірибелік дағдыларына қатысты кәсіби құзіреттерін іске асыра алатын ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.