Адалдық тәрбие сағаты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының 6В01303-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 4 – курс білімгерлері және топ кураторы Жанар Шалабаева Сүйіндікқызы «Адалдық сағаты» аудиториядан тыс тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатына 4 курс білімгерлері және кафедраның ОҚП құрамы қатысты. 2025-2026 оқу жылының басты құндылықтарын насихаттады. Адалдық, Парасат, Әділдік, Сенім бұл қасиетті ұғымдар туралы айтыла отырып, Адалдық –адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиеттерді қамтыды.