НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының 6В01303 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен «Наурызым берекем, Наурызым мерекем!» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара аға оқытушы Ж. Шалабаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты -Ұлыстың ұлы күні саналатын Әз Наурыз мейрамының маңызын кеңінен насихаттау, халқымыздың бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу, білімгерлердің Наурыз мерекесіне қатысты таным-түсініктерін кеңейту және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен Наурыз мейрамына қатысты тағылымды салт-жоралғылар таныстырылып, мерекелік көріністер ұсынылды. Сонымен қатар қазақ халқының игі дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі көрсетіліп, баланың тұсауы кесілді. Бұл көрініс қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Тәрбие сағатына әлеуметтік-мәдени жұмыстар және психологиялық қолдау көрсету бөлімінің басшысы Э. Абдукаримова, ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD, аға оқытушы Б. Әліпбай, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты А. Рысбекова қатысып, білімгерлердің шығармашылық бастамасына жоғары баға берді.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың рухани тәрбиесін нығайту және халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтау бағытында мазмұнды бағдарламалар ұсынылды.
Емтихан кестесі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 