shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында факультетаралық ХХХІV дәстүрлі спартакиада өтті

Оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер арасында факультетаралық ХХХІV дәстүрлі спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым мүшелері арасындағы ынтымақтастықты арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Спартакиада аясында волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Қатысушылар өзара шеберліктерін сынап, әсіресе зияткерлік және командалық ойындар көрермендерге ерекше әсер сыйлады, тартысты бәсекеге толы болды.

Университеттің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің оқытушылары мен қызметкерлері спартакиадаға белсене қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Факультетіміз тоғызқұмалақтан факультеттер арасындағы жарыста 1-орын иеленді. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ ойынында үздік ойын көрсеткені үшін Каттабекова Назыгүл, ал шахмат ойынында үздік нәтиже көрсеткені үшін Алмазұлы Шыназ марапатталды.

Мұндай дәстүрлі спорттық іс-шаралар ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосады.