Үздік Студент
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті Тарих кафедрасының студенті «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы және «Парасат» ұлттық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік Студент» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі Дипломмен марапатталған студентіміз Балабек Рахматулланы шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – білімге деген ұмтылыс пен қажырлы еңбектің жарқын көрінісі. Балабекке алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Сондай-ақ, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасап, кәсіби қолдау көрсеткен ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нурбетова Гүлнар ханымға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұстаз еңбегі мен бағыт-бағдарының арқасында шәкірттің жетістігі еселене түсері сөзсіз.
Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер және толағай жеңістер тілейміз!
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 