shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен кездесу өтті

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінен және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен келген студенттер қатысты.

    Кездесу барысында студенттерге университеттегі оқу процесінің ұйымдастырылуы, білім алушыларға қойылатын талаптар, емтихан сессиясының өткізілу тәртібі және бағалау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттердің оқу барысында туындауы мүмкін сұрақтарына жауап беріліп, академиялық ортаға бейімделуіне қатысты қажетті түсіндірмелер ұсынылды.

    Іс-шараға факультет деканы Э.Зулпыхарова және декан орынбасарларымен кафедра меңгерушілері қатысып, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттермен пікір алмасты.

    Кездесу өзара тәжірибе алмасуға, студенттердің оқу үдерісіне белсенді араласуына және түрлі елдерден келген білім алушылар арасындағы академиялық байланысты нығайтуға бағытталды.