shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Түркі әлемінің тарихи-мәдени ықпалдастығына арналған ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті

2026 жылғы 8 қазанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде «Түркі дүниесі: тарихи-мәдени ықпалдастық және ынтымақтастық» тақырыбында ғылыми еңбектердің тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара барысында «Тарих» кафедрасы профессорының м.а. Қ. Базарбаевтың қатысуымен дайындалған монография, оқу құралы және хрестоматия тарих пәні мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларына таныстырылды.

 Аталған еңбектер түркі мемлекеттерінің тарихи-мәдени байланыстарын, ынтымақтастық үдерістерін және интеграциялық дамуының тарихи негіздерін зерделеуге арналған. ​​​​​​​Ғылыми іс-шараға факультет деканы Э. Зулпыхарова, декан орынбасары Ш. Алмазұлы, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі А. Жумадуллаева және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Тұсаукесер барысында ғылыми еңбектердің білім беру үдерісіндегі маңызы мен түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі рөлі атап өтілді. Іс-шара студенттердің түркі дүниесінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және зерттеушілік ізденістерін ынталандыруға бағытталды.