shape
shape
Жаңалықтар
Blog Image

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ НЕГІЗІ!»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті нығайту мақсатында «Заң мен тәртіп – саналы ұрпақтың негізі!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбиелік іс-шараға 6В01202 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының ГМД-311 тобының студенттері қатысты. Тәрбие сағатын топ жетекшісі Мейрбекова Гульмира Пернебаева ұйымдастырды.

Іс-шараға Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі Сұлтанбек Мәлік Жұпанбекұлы, факультет деканының орынбасарлары Алмазұлы Шыназ пен Бакирова Закира, ғылым кандидаты, аға оқытушы Токкулова Гүлсара апай қатысып, білім алушылармен құқықтық мәдениет, заңға құрмет және азаматтық жауапкершілік мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, заң талаптарын құрметтеудің және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар студенттерді өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын сақтауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге және құқықтық мәдениетті күнделікті өмірде ұстануға шақырды.

Тәрбие сағаты барысында студенттер заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіп, құқықтық мәдениет және жауапкершілік мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар заңды құрметтеу мен құқықтық нормаларды сақтаудың қоғамдағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті және өзара сыйластықты қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Іс-шара барысында заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі екеніне ерекше назар аударылды. Білім алушылардың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы – саналы әрі белсенді азамат қалыптастырудың басты шарттарының бірі екені айтылды.

Тәрбие сағаты білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін нығайтуға және қоғамдағы заң мен тәртіп талаптарына саналы көзқарасын дамытуға ықпал етті.

Заңды білу – міндет, тәртіпті сақтау – жауапкершілік!