«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру және әр азаматтың құқықтары мен міндеттерін терең түсінуіне ықпал ету.
Кездесу барысында заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, құқық пен міндеттің арақатынасы, заң талаптарын сақтау, қоғамдық жауапкершілік және құқықтық мәдениет мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасып, заңды білу мен оны құрметтеудің азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Тәрбиелік іс-шараға Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э. Зұлпыхарова және декан орынбасары Ш. Алмазұлы қатысып, білім алушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті сезіну жөнінде өз ойларын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі - М.Сұлтанбек;
Топ кураторы – А. Төребай;
ГБП-411 тобының студенттері.
Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың заңға құрметпен қарауына, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау,
заңды құрметтеу – елге деген құрмет.
Тәртіп бар жерде – тұрақтылық, жауапкершілік бар жерде – жарқын болашақ!
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 