shape
shape
Жаңалықтар
Blog Image

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2026 жылғы 23–24 қазанда Самарқанд қаласында Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің Орталық Азия халықтарының тілдері мен мәдениеті институты ұйымдастырған «Орталық Азия аймағында жүріп жатқан интеграциялық үдерістердің мәдени-лингвистикалық және әдеби мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған халықаралық ғылыми іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э.У. Зулпыхарова қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі қазіргі интеграциялық үдерістердің мәдени, тарихи, лингвистикалық және әдеби аспектілерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан талқылау, әртүрлі елдер ғалымдары арасындағы ғылыми диалогты нығайту, сондай-ақ жаңа ғылыми ынтымақтастық бағыттарын қалыптастыру. Конференция жұмысы барысында Орталық Азия халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасы, тілдер арасындағы өзара байланыстар, әдеби үдерістер, аударма мәселелері, сондай-ақ заманауи ғылым мен білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті бағыттары кеңінен талқыланды.

Конференция барысында Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э.У. Зулпыхарова ғылыми баяндама жасап, Орталық Азия кеңістігіндегі тарихи-мәдени және ғылыми байланыстардың өзекті мәселелері бойынша өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Оның баяндамасы конференцияның ғылыми мазмұнын толықтырып, қатысушылар арасында пікір алмасуға мүмкіндік берді. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғалымдар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға, бірлескен зерттеу бағыттарын айқындауға және Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға маңызды мүмкіндік берді. Конференция жұмысына белсенді қатысып, ғылыми баяндама жасағаны үшін Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Э.У. Зулпыхароваға алғыс білдіріліп, арнайы сертификат табысталды.

Бұл халықаралық ғылыми-практикалық конференция Орталық Азия елдерінің ғылыми қауымдастығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ғылыми және мәдени ықпалдастықты дамытуға және жаңа академиялық ынтымақтастық бағыттарын қалыптастыруға өз үлесін қосты.