«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы өтті
2026 жылғы 5 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыстың негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ізденіс дағдыларын дамыту, зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғау және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Отырыс барысында студенттер мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Ұсынылған ғылыми жұмыстар мазмұндық тұрғыдан талқыланып, комиссия мүшелері тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Секциялық отырыстың комиссия құрамы төмендегідей болды:
- Комиссия төрағасы: PhD, аға оқытушы Г. Мейрбекова;
- Комиссия төрағасының орынбасары: п.ғ.к., доцент А.А. Жумадуллаева;
- Комиссия мүшелері:
- М. Сұлтанбек, «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының меңгерушісі;
- п.ғ.к., доцент Г. Кайбулдаева;
- Комиссия хатшысы: аға оқытушы Э. Халиллаева.
Сонымен қатар, ғылыми отырысқа Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті деканының орынбасары Ш. Алмазұлы қатысып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау білдірді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы студенттердің зерттеушілік қабілеттерін шыңдауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, ғылыми ізденіске ынталандыруға және болашақ мамандардың кәсіби-ғылыми құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ 