- 6B01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті және/немесе кешенді тест тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).