«Тарих және қоғамтану» БББ – студенттердің сыни тарихи ойлауы мен санасын қалыптастыруға бағытталған пәндердің симбиозын қамтитын, жаңа біріктірілген бағдарлама. «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасы (БББ) – білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары) тарих және қоғамтану мұғалімі ретінде мамандық алғысы келетін білім алушыларды даярлауға арналған педагогикалық білім беру бағдарламасы.