Білім беру бағдарламасы
4+
Білімгер
655+
Жұмыспен қамтылған
84%
ОПҚ
23+

Біз туралы

Жұқпалы аурулар және физиатрия кафедрасы 2013 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы  оқу-клиникалық базасында ашылды. 

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., доцент Г.А.Утепбергенова тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасында оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01123-«Ересектердің, балалардың инфекциялық аурулары», 7R01122-«Ересектердің, балалардың дерматовенерологиясы» резидентура білім беру бағдарламасы. Тәжірибе  сабақтар интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия,  тренингтер қолданылады. 

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасыРезидентура

Резидентура

7R01123 — Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)

Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
Бағдарлама нәтижелері
  • медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
  • Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті; 
  • Медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
     
Қабылдау шарттары
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  • Кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  • Жоғары медициналық оқу орындары;
  • Ғылыми-зерттеу институттары;
  • Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
     
Элективті пәндер каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (725) 255 14 54

Электрондық пошта

infekcia_ftiz@ayu.edu.kz