ІШКІ АУДИТОРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ОҚУ-КУРСЫ ӨТТІ
Университетімізде Халықаралық ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес, Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының ұйымдастыруымен – ISO 9001:2015 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», ISO 19011:2018 «Менеджмент жүйесінің аудиті бойынша нұсқаулық» тақырыбында ішкі аудиторларды даярлау және біліктілігін арттыру оқу-курсы өтті.
7-8 қазан күндері өткен оқу-курсын Қазақстан Стандарттау және метрология институтының лекторы Гулмайда Каримова жүргізді.
Университетімізде ресертификациялық сыртқы аудит қарсаңында, барлық құрылымдарда алдын-ала ішкі аудит өткізу жоспарланған. Сондықтан, ішкі аудиторларымыздың біліктіліктерін жетілдіру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жиынға оқу орнымыздың негізгі салалары бойынша 19 оқытушы-қызметкер қатысты.
Трениг барысында ішкі аудиторлар сапа менджменті жүйесі құжаттамасын жоспарлау мен әзірлеу және аудит процесі бойынша білім мен дағдыларды, халықаралық стандартқа сәйкес құзыреттіліктер жиынтығын игерді.
Курс соңында университетіміздің ішкі аудиторларына біліктілік сертификаттары табысталды.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы