ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан бой көтерген «Достық үйі» ғимаратында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажырлы еңбек сіңірген ардагерлермен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өңірді дамыту жұмыстары мен көрсеткіштерге тоқталып, бұл игі жетістіктерде қазыналы қарттарымыздың да үлесі мол екенін атап өтті.
Кездесу барысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды ақылы дария, көргені мол ардагерлерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, бір топ азаматқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Марапат иелері қатарында университетіміздің ұлағатты ұстаздары Гүлсара Тоққұлова мен Сейдулла Садықов та болды.
Университет ұжымы атынан ардагер ұстаздарымызды құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!
Диплом тапсыру салтанатына шақырамыз
ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ «БІЛІМГЕ ИНВЕСТИЦИЯ – МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ»
2024-2029 жж Даму бағдарламасы бойынша 2026 жарты жылдық есебі 