Білім беру мақсаттары
МІНДЕТТЕРІ
- Халыққа мамандандырылған көмек көрсетуде емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларында теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Заманауи лабораторлық-аспаптық зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды жетілдіру;
- Жеке ауруға емдеу көзқарасын қолдана отырып білім және ептілік дағдыларды жетілдіру. Науқастың қиындықтарын жоюдағы дағдыларын жетілдіре білу, шешім қабылдау, дәлелді медицинаның принциптеріне және басқа мамандармен тиімді қарым-қатынасына негізделіп шешім қабылдау;
- Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу, қазіргі шарттарға сай салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін білімді жетілдіру;
- Өзіндік білімін үздіксіз мамандандырылуға және біліктілікті олан әрі жетілдіруге қажетті дағдыларды үйрету;
- Мамандық құндылыққа: жауапкершілікке, адалдыққа, құпия сақтау бейімділіктерін нығайту;
- Коммуникативті дағдыларды, команда құра отырып дағдылы жұмыстарды орындауды дамыту;
- Диагностикалық және емдеу үрдісін ұйымдастыру және меңгеруді дамыту;
- Ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын жетілдіруді жалғастыру;
- Резидент-дәрігерлерге күнделікті медициналық және есептік құжатнамасын заманауи стандартқа сай үйрету.