shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

26–28 қыркүйек күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде медициналық білім беру бағыты бойынша көшпелі мониторинг жүргізілді.

26–28 қыркүйек күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде медициналық білім беру бағыты бойынша көшпелі мониторинг жүргізілді. Мониторингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Улмира Әуезханқызы Нұрәлиева  қатысты. Мониторинг барысында медициналық білім берудің барлық деңгейлері, білім алушыларды қабылдау және білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

28 қыркүйекте интерндер мен резиденттердің клиникалық даярлығы жүзеге асырылатын базаларға бару ұйымдастырылды. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінде клиникалық даярлықты жетілдіру мақсатында EPA негізінде кәсіби дербестіктің 5 деңгейлі жүйесі енгізіліп, оны қолдану бойынша клиникалық тәлімгерлер арнайы оқытылды.

Сонымен қатар, факультетте білім алушылардың клиникалық дағдыларын бағалауға арналған чек-парақтар әзірленді. Клиникалық тәлімгерлер осы құралдар арқылы білім алушының дағдыларды орындау деңгейін бағалап, нәтижесіне қарай бір деңгейден келесі деңгейге өтуін айқындайды. Бұл тәсіл интерндер мен резиденттердің клиникалық құзыреттерін жүйелі қалыптастыруға және кәсіби дербестігін кезең-кезеңімен арттыруға бағытталған.