СТУДЕНТТЕР ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Дархан дала халқы әркез зияткерлік ойындарға мән беріп, ой-санасын, сыни ойлап қабілеттерін жетілдіріп отырған. Тоғызқұмалақ – ежелден келе жатқан ұлтық зияткерлік ойындардың бірі. Мыңжылдық тарихы бар ойын түрі тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып, шартарапқа таныла бастады. Ал 2020 жылы ЮНЕСКО тоғызқұмалақты «Адамзаттың мәдени мұрасы» деп мойындады.
Тоғызқұмалақ күні 2021 жылы ресми бекітілді. Бұл – ұлттық ойынымыз ұлықталып, құндылықтарамыз жаһан жұртының жадында жаңғыратын күн. Биылғы мерекені атап өтудің жөні, тіпті, бөлек. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен қатар келген спорт мерекесінде Гиннесс рекорды орнатылмақ. Алматы қаласында бір мезетте 5000 спортшы жарысқа түсті. Сондай-ақ, өзге өңірлерден онлайн форматта ойыншылар қатысты.