shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің Терапия кафедрасы 1992 жылы Кентау қаласының орталық қалалық ауруханасының негізінде құрылды. 

Ішкі аурулар кафедрасы 1992 жылы Кентау қаласының орталық қалалық ауруханасының негізінде құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Шалхаров Сайлаубек Шалқарұлы. 

1993 жылдан 2004 жылға дейін кафедраны   м.ғ.к., ХҚТУ профессоры Калимурзина Балхия Сағатқызы меңгерді. 

2009ж.-2022 жыл аралығында   Терапия кафедрасының меңгерушісі қызметін  м.ғ.к.,  Сдырханова Гульнара Жаугаштина атқарды. 

2022ж. ақпан айынан бастап «Ішкі аурулар» кафедрасының меңгерушісі  болып м.ғ.к., Аманбаева Бахыт Калбергеновна тағайындалды.