shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Жасанды интеллект дәрігердің жұмысында: көмекші ме, бәсекелес пе?» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Байтұрсынов көшесінде орналасқан бас ғимаратының №110 аудиториясында 7R01114 – «Радиология» білім беру бағдарламасының резиденттеріне арналған «Жасанды интеллект дәрігердің жұмысында: көмекші ме, бәсекелес пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны медицина ғылымдарының кандидаты Кулаев Қуаныш Тағаевич ұйымдастырып, жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында медицина мен радиология саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи мүмкіндіктері, диагностикалық үдерістегі рөлі және дәрігердің кәсіби қызметіне ықпалы талқыланды. Сонымен қатар, жасанды интеллект дәрігердің көмекшісі ме, әлде болашақтағы бәсекелесі ме деген өзекті мәселе төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.

Резиденттер талқылауға белсенді қатысып, жасанды интеллектіні медициналық тәжірибеде қолданудың артықшылықтары, мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Іс-шараның мақсаты – резиденттердің заманауи цифрлық технологиялар туралы білімін кеңейту, жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте тиімді әрі жауапкершілікпен қолдануға бағыт-бағдар беру және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасумен қорытындыланып, қатысушылар медицинадағы жасанды интеллект дәрігерді алмастырушы емес, оның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды көмекші құрал болуы тиіс деген ортақ пікірге келді.