«Shymkent Marathon 2026»
2026 жылғы 13 қыркүйекте Шымкент қаласында «Shymkent Marathon 2026» халықаралық марафоны өтті. Аталған спорттық іс-шараға 15 елдің 120 қаласынан 7500-ден астам қатысушы жиналды.
Марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Ботаева Қаракөз Махмұтқызы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Пернебекова Рахат Каримбековна және 6-курс интерндерінен құралған еріктілер тобы қатысты. Олар «АрманАлемі» ерекше балаларға көмек көрсету қорымен бірлесе отырып, іс-шараның ұйымдастырылуына және өткізілуіне өз үлестерін қосты.
Марафонға Қазақстанмен қатар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Шетелдік жүгірушілердің қатысуы іс-шараның халықаралық деңгейін айқындайды.
«Shymkent Marathon 2026» салауатты өмір салтын насихаттауға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ерекше балаларды қолдауға бағытталған маңызды спорттық әрі әлеуметтік іс-шара болды. Кафедра қызметкерлері мен интерндердің аталған марафонға қатысуы олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, еріктілік қызметті дамытуға және қайырымдылық бастамаларын қолдауға ықпал етті.
Диплом тапсыру салтанатына шақырамыз
ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ «БІЛІМГЕ ИНВЕСТИЦИЯ – МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ»
2024-2029 жж Даму бағдарламасы бойынша 2026 жарты жылдық есебі 