shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҚАЗАҚСТАН КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГТАРЫНЫҢ VI КОНГРЕСІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай халықаралық қатысумен ұйымдастырылған Қазақстан клиникалық фармакологтарының VI конгресіне «Жалпы дәрігерлік практика 2» кафедрасының «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша білім алушыларды даярлауға қатысатын оқытушылар мен резиденттер қатысты.

Атап айтқанда, конгреске қатысқандар кафедраның м.ғ.к., аға оқытушы А.А. Абдувалиев, б.ғ.к., доценті Р.К. Пернебекова, б.ғ.к., аға оқытушы Т.Н. Орманов, аға оқытушы Қ.М. Ботаева, оқытушы Д.А. Дильбарханова, сондай-ақ 1 және 2-курс резиденттері.

Конгресс клиникалық фармакология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, халықаралық тәжірибе алмасуға және медициналық ғылым мен практиканың дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды ғылыми алаң болды.

Конгреске қатысу кафедра оқытушылары мен резиденттерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және клиникалық фармакология саласындағы заманауи жетістіктермен танысуға мүмкіндік берді.