shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы оқу-клиникалық базасының құрамында 2009 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызынан «Стоматологиялық пәндер» кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушісі м.ғ.к.  М.А. Искендиров тағайындалды. 

2013 жылы «Гигиена, эпидемиология және дене тәрбиесі» кафедрасы мен  «Стоматологиялық  пәндер»   кафедрасы  қосылып, «Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасы құрылды. Кафедраны  2013-2014 оқу жылдары  м.ғ.к. Б.К. Торгаутов,  2015 Р.Г Давыдов,  2015-2018жж.  м.ғ.к., доцент  Л.О. Кенбаева,  2018 -2021жж. Р.Г. Давыдов, 2021-2023жж  К.Г. Газизова, 2023ж. бастап  кафедра меңгерушісі болып Н.К. Тасбулатов  тағайындалды. 

Кафедрада  жалпы  14 профессор –оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде: 1 м.ғ.к.,  аға оқытушы,  1 м.ғ.к., доцент, 3  магистр, аға оқытушы, 1 магистр оқытушы,  3 аға оқытушы, 5 оқытушы қызмет атқарады.

Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасында оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130200-Стоматология» интернатура білім беру бағдарламасы. Дәрістер интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады.