Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті
Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы
- Медициналық көмектің барлық деңгейінде дәлелді тәжірибе негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдап, емдеу жоспарын тағайындай отырып, оның тиімділігін бағалай алады.
- Пациент үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның қоршаған ортасымен және медицина қызметкерлерімен тиімді өзара әрекеттесе алады.
- Тәуекелдерді бағалай отырып, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана алады.
- Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберінде әрекет ете отырып, төтенше жағдайлар кезінде негізгі көмек көрсетуге және азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпаралық ұйымдар құрамында жұмыс істей алады.
- Адекватты зерттеу сұрақтарын құрастырып, кәсіби әдебиеттерге сыни баға бере отырып, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдаланып, ғылыми топ жұмысына қатыса алады.
- Өз бетінше білім алып, кәсіби ұжымның басқа мүшелерін оқытып, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатыса алады.
Резидентураға түсетін ЖОО түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.