Білім беру бағдарламасы
4+
Білімгер
27+
Жұмыспен қамтылған
83%
ОПҚ
14+

Біз туралы

Педиатрия кафедрасы  университет Сенатының  шешімімен 2009   жылы  құрылған. Кафедраның  алғашқы меңгерушісі болып  профессор К.Асқамбаева тағайындалып, 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін м.ғ.к., доцент Тоқбергенова Света Менлитаевна басқарып келеді.

Кафедрада оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01101-«Педиатрия», 7R01125-«Неонатология» резидентура білім беру бағдарламалары. Дәрістер интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады. 

Кафедраның   ғылыми  потенциалының  пайыздық  көрсеткіші  - 42%., оның ішінде: ғылым  кандидаттары-7, PhD-1, магистр-оқытушысы-4.

Педиатрия кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Педиатрия кафедрасыРезидентура

Резидентура

7R01125 — Неонатология

Неонатология

Ғылым және денсаулық сақтау салалары үшін мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама маманның кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, ол: - денсаулық сақтау саласындағы жаңа теориялардың қазіргі заманғы терең білімдерін түсіндіріруге және қорытындылауға; алған білімдерін тәжірибеге және өзіндік ғылыми зерттеулерге енгізуге; - өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да жеткізе білуге; - қосымша білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеке бағдарламасын құруға мүмкіндік береді

 

Бағдарлама нәтижелері
  • медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті    
  • пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті   
  • медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті 
     
Қабылдау шарттары

Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары, кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары, жоғары медициналық оқу орындары ,ғылыми-зерттеу институттар, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
Элективті пән каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (725) 255 14 54

Электрондық пошта

pediatria.shk@ayu.edu.kz