ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ
Оқу ордамызда шығармашылық бағыт бойынша 10 білім беру бағдарлама тобы бар. Қазіргі таңда аталған емтиханға 498 талапкер құжат тапсырған. Басым көпшілігі «Дене шынықтыру мұғалімі», «Дінтану» және «Теология» мамандықтарын таңдап отыр.
Сонымен қатар «Журналистика және репартер ісі», «Музыкалық өнер», «Көркем еңбек және сызу» мұғалімдерін даярлау бойынша да емтихандар өтетін болады.
Қуантарлығы, биылғы талапкерлер еліміздің әр өңірінен келген. Біздің университетке деген қызығушылықтары жоғары.
Талапкерлерге сәттілік тілейміз!