Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті
Педиатрия кафедрасы
Ғылым және денсаулық сақтау салалары үшін мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама маманның кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, ол: - денсаулық сақтау саласындағы жаңа теориялардың қазіргі заманғы терең білімдерін түсіндіріруге және қорытындылауға; алған білімдерін тәжірибеге және өзіндік ғылыми зерттеулерге енгізуге; - өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да жеткізе білуге; - қосымша білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеке бағдарламасын құруға мүмкіндік береді
Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.