Хабарландырулар

shape
shape

Кәсіби қызмет саласы

  • -меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  • кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  • жоғары медициналық оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.


Кәсіби қызмет функциялары мен түрлері
-білікті жəне мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету жəне ұйымдастыру;
-шұғыл ауырған жəне кезек күттірмейтін жағдайларда бастапқы медициналық көмек көрсету жəне ұйымдастыру; 
- сырқатпен, оның туған-туысымен, əріптестермен, əлеуметтік қызмет өкілдерімен медициналық этика жəне деонтология қағидаларын сақтай отырып тиімді қарым-қатынас орнату; - халық арасындағы стоматологиялық ауруларды бағалау жəне талдау жасау; 
- кəсіптік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру- басқару шараларын жүзеге асыру; 
- стоматология саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау жəне жүргізу;
- шынайы ақпарат алуға, кəсіптік мəселелерді шешуге, халыққа стоматологиялық көмек көрсетуге, денсаулық сақтау жүйесінде бірегей ақпараттық желіде жұмыс істеуге жəне өз бетінше білім алу үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану;
- педагогикалық жəне тəрбиелік қызметті жүзеге асыру. 
Түрлері:
- емдеу-алдын алу және диагностикалық;
- санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы;
- ұйымдық-басқару;
- ғылыми-зерттеу; 
- білім беру (педагогикалық).