shape
shape

Бағдарламалар

Инженерия факультеті / Компьютерлік инженерия кафедрасы / Докторантура

8D06115 - Ақпараттық жүйелер

Course Image Инженерия факультеті Компьютерлік инженерия кафедрасы

Еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ақпараттық жүйелер саласында терең теориялық және практикалық білімі бар, жаңа ғылыми міндеттерді қойып, орындай алатын және ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды басқара алатын PhD докторларын дайындау.

Жан-жақты білімді, ақпараттық жүйелер саласында фундаментальді білімді игерген, мамандандырылған, кәсіби дағдысын дамыта отырып жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметті орындауға қажетті және ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының негізделген өтінімдерін немесе түсіндірме жазбаларын ұсыну 
  • Деректерді іздеу, Машиналық оқыту, есептеу күрделілігі және оңтайландыру теорияларының модельдері мен әдістері негізінде зерттеу міндеттерін тұжырымдау және оларды шешу жолдарын табу 
  • Ұйымның бизнес талаптарын ескере отырып, бұлтты шешімдерді жобалайды, бұлтты есептеу негізінде АТ шешімдерін әзірлейді, бұлтты шешімдердің сүйемелдеуін бақылайды
  • Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады. Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары.
  • ЖОО, ғылыми –зерттеу  институттары мен орталықтары; ғылыми-өндірістік, мемлекеттік басқару органдарының компьютерлік қызметтері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері, қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т. б.