shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу  үшін ғылыми негіз және әлеует бар.

2021-2022 оқу жылы Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум түзіліп, 6В07153- Электр энергетикасы бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді.

6В07153- Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша сабақтардың 8-10% практик-мамандар жүргізеді. Кентау трансформатор зауытымен дуальды оқыту жүйесін іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы шарт аясында практик-мамандар “Трансформаторларды жобалау және құрастыру”, “Электр станцияларының электр техникалық жабдықтарын пайдалану және ұйымдастыру” пәндері бойынша практикалық сабақтарды зауытта жүргізеді. 

2023-2024 оқу жылында 6В07153-Электр энергетикасы ББ білім алушысы Ерматов Темур "Орхун" академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия Республикасы Бурса Ұлыдағ университетіне оқуға жіберілді. 

3-курс білім алушылары Ордабек Аяулым, Ербакытұлы Нұрсултан өндірістік практикаларын Түркия Республикасы Аэроғарыш өнеркәсібі “TUSAŞ” АҚ-да өтіп келды.
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру қызметімен тығыз байланысты. "Жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін гибридті жел генераторын зерттеу және құрастыру", "Шағын техникалық жүйелер үшін пик трансформаторының конструкциясын әзірлеу" және т. б. тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын ҒЗЖ орындауға, оның ішінде республикалық конкурстарға, пәндік олимпиадаларға және т. б. қатысуға тартылатын студенттер саны артып келеді.

Электр инженериясы кафедрасының білім алушылары жыл сайын университет өткізетін студенттік конференцияларға қатысады, осы конференцияларда баяндама жасайды, стартап – жобаларға, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысады. 

2022-2023 оқу жылында кафедраның білім алушылары Маханов Нұрдәулет және Тұрсынбек Абылай "Yassawi" Бизнес - инкубатор бағдарламасы бойынша стартап – жобаларына  қатысып, сертификат алды. 

2021-2022 оқу жылында студент Қоқанбай Ернар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ҚР БҒМ II-дәрежелі Дипломымен, студент Аман әділет ҚР БҒМ III-дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы университетіміздің 30-жылдығына орай арнайы медальдармен марапатталды. 

07.11.2023ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Өзбекстан Республикасының, Ферғана политехникалық институты арасында Меморандум жасалды.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Біліктілікті арттыру орталығында 13.11.23-25.11.23 жж. аралығында «Энергетика және электр техникалық жүйелер» тақырыбында және 05.01.24-17.01.24 ж.ж. аралығында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-да «Өндірістік электроника, автоматика және басқару жүйелері» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Кафедраның оқытушылары 16.10.23-19.10.23 жж. аралығында «Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы» аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарапынан Түркиядан шақыртылған профессор, докторлары Нихат Өзтүрік және Едал Ирмак мырзалар келіп, семинар өткізіп, тәжірибе алмасты.