Ғалымдарымыз іссапардан оралды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Инженерия факультеті, Компьютерлік инженерия кафедрасының PhD., аға оқытушысы Жунисов Нурсейт Мухидинович және PhD., аға оқытушысы Аманов Ануарбек Нурсейтович №AP26193791 «Жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектілі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында 06.12.2025ж.-13.12.2025ж. аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университеті, Технология факультетінің профессорларымен кездесіп, жобаның негізгі бағыттарымен таныстырып, өзара пікір алмасып семинар өткізілді, сонымен қатар білім алушыларға арналған семинар-дәрістер де ұйымдастырылды. Атап айтсақ факультет деканы Prof. Dr. Musa Atar және факультет ғалымдары Prof. Dr. Aydın Çetin, Prof. Dr. Hüseyin Polat, Assoc. Prof. Dr. Cemal Koçak жоба туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Сонымен қоса Ахмет Ясауи Университеті TÜRTEP басшысы Prof. Dr. Halil Ibrahim Bülbül және Бас хатшы Ahmet Şevki Zengin мырзамен ғылыми зерттеу жұмыстарымызбен бөлісіп, тамаша ойлар ортаға салынды және жобаның жаңашылдығы айтылды.
Бізге уақыттарын бөліп, біздің ғылыми жобаға өз үлестерін қосқаны үшін ғалымдарға үлкен рақмет айтамыз!
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


Емтихан кестесі
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 