Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде іс-шаралар жүзеге асырылды
2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Аталған бағдарлама негізінде Түркия Республикасы-ның жетекші жоғары оқу орындарынан (Стамбул Тижарет университеті, Фырат университеті, Алания Алааддин университеті) және Азербайжан Спорт Академиясы-нан келген білікті профессор-оқытушылар құрамы академиялық сапармен келіп, білім алушылармен тәжірибе алмасты.
Шетелдік ғалымдар университетіміздің Қаржы, Инженерия, Химия, Экология, сондай-ақ Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттерге, магистранттар мен докторанттарға дәрістер жүргізді. Дәрістер барысында заманауи білім беру әдістері, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары мен халықаралық тәжірибелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, шетелдік және отандық профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар барысында білім беру үдерісін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және академиялық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылып, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асты.
Аталған халықаралық ынтымақтастық университетіміздің білім сапасын арттыруға, оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасуына зор үлес қосады.
Сабақ кестесі
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party» 