shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Жаңартылатын энергетикадағы жаңа жетістік: Қ.А. Ясауи университеті ғалымдарының өнертабысына патент берілді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде кезекті жетістікке қол жеткізді. Университет авторлары Рустамов Насим Тулегенович пен Бабахан Шохрух Абдилкасымұлына «Айналмалы магниттік ағыны бар жел энергетика қондырғысы» атты өнертабысқа №11871 патент берілді. Патенттің берілген күні – 06.03.2026.
Аталған патент жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану бағытындағы маңызды ғылыми нәтижелердің бірі болып табылады. Ұсынылған жел энергетика қондырғысы жел энергиясын электр энергиясына түрлендіру үдерісін жетілдіруге, сондай-ақ энергетикалық құрылғылардың тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл жетістік университет ғалымдарының инновациялық ізденістерінің және ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, патенттелген өнертабыс жаңартылатын энергетика саласын дамытуға, заманауи инженерлік шешімдерді өндіріске енгізуге және отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосады.