shape
shape

Бағдарламалар

Инженерия факультеті / Электр инженериясы кафедрасы / Бакалавриат

6B07189 - Машина жасау

Course Image Инженерия факультеті Электр инженериясы кафедрасы

  • Зерттеу саласындағы деректерді жинау және сыни талдау негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз бетінше шешім қабылдау.
  • Халықаралық ортада мемлекеттік және шет тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қатынастар құру.
    Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану.
  • Кәсіби қызметте қоғамның рухани құндылықтарын, экономикалық, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы принциптерін сақтау.
     
  • Машина жасау білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.)
  • Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кәсіби қызметінің саласы машина жасау бөлшектерін өндіру, жасау және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника саласында қызмет көрсету сапасын бақылау және техникалық қызмет көрсету, конструкторлық және технологиялық тапсырмаларды шешумен байланысты техникалық ұсыныстарды,  құжаттарды сараптамалық бағалауды жүргізу жұмыстарын қамтиды.