Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шарасы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасы ұжым ішінде арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кафедра оқытушы-профессорлары, қызметкерлері және оқу ордамыздың техникалық қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.
Мерекелік кездесудің көркін өнерлі студенттер арттыра түсті. Олар аспаптық әуендер орындап, ән-күй шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұндай мерекелік шаралар ұжым арасындағы сыйластықты нығайтып, аналар мен аруларға деген құрметтің жоғары екенін көрсетеді.
Аруларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге бақыт, денсаулық, қуаныш және махаббат тілейміз. Көктемнің шуақты мерекесі әрбір күндеріңізге жылы леп пен шабыт сыйласын!
Емтихан кестесі
СПОРТ ҒЫЛЫМДАРЫ САЛАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ: ОРТА, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР 