shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Сапарбекова Элмира — Қазақстан чемпионы!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің білімгері Сапарбекова Элмира Тараз қаласында өткен әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы  Қазақстан Республикасының чемпионатында 55 кг салмақ дәрежесінде алтын жүлдені жеңіп алды.

Жас спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі.

Сапарбекова Элмираға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!