Кафедра 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінде «Дене тәрбиесі» атауымен құрылды. 2014 жылдың 01-қыркүйегінен 2023 жылдың 31 тамызына дейін профессор Сейдахметов Ермек Ергешұлы аталған кафедраны басқарған. 2023 жылы 10 қазан №2 хаттамасымен кафедра атауы «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» болып өзгерді. 2023 жылдың 01-қыркүйегінен 2024 жылдың 31 тамызына дейін Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасын PhD аға оқытушы Рахымжанов Алпамыс Орынтайұлы басқарған. Бүгінгі таңда кафедраны аға оқытушы Ахмедов Бахытжан Асилбекович басқарады.
«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасында 17 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Олар 1 ҚР Құрметті спорт қайраткері профессор, 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, профессор, 1 PhD доцент, 1 PhD аға оқытушы, 1 запастағы полковник аға оқытушы, 2 запастағы подполковник аға оқытушы, 10 аға оқытушы, 1 аға лаборант. Сонымен бірге жоғарыда аталған профессор-оқытушы құрамының 1 СССР спорт шебері. Бүгінгі күнгі жалпы осы кафедрада сабақ беретін, ғылыми атағы бар профессор-оқытушылар құрамының саны 4, ғылыми дәрежелік пайызы 50% құрайды.
Оқу форматын онлайн түрге ауыстырған жағдайда кафедра ОПҚ пәндер бойынша контенттерін толық дайындап https://portal.ayu.edu.kz модульіне жүктелді. Пән бойынша аралық бақылау тапсырмалары, емтихан билеттері чеклист түрінде жүргізіліп ЖОО талаптарына сәйкес 100 % жасалды.