Білім беру бағдарламасы
3+
Білімгер
176+
Жұмыспен қамтылған
85.7%
ОПҚ
19+

Біз туралы

Бейнелеу өнері кафедрасы 2004 жылы алғаш университет қабырғасында құрылды. Кафедрада 3 бакалавр, 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады.

Білім беру бағдарламалары: 

  • 6B02126 — Дизайн; 
  • 6В01478 — Көркем еңбек және графикалық жобалау; 
  • 6B02184–«Сәндік қолданбалы өнер»; 

Кафедрада арнаулы мамандықтар бойынша пәндердің сабақтары кескіндеме, сурет, өнер тарихы, көркем өнер, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш, темір шеберханаларында өткізіледі. Шеберханалар мен арнайы дәрісханалар қазіргі талап деңгейінде жабдықталып, безендірілген. Университетте кафедра ОПҚ және студенттерінің шығармашылық көрмелері ұйымдастырылады. Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми конференцияларға белсене қатысады.

Бейнелеу өнері кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Бейнелеу өнері кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B02184 — Сәндік-қолданбалы өнері

Сәндік-қолданбалы өнері

Сәндік қолданбалы өнері - Білім беру бағдарламасы өнер бағытында бакалаврларды дайындау деңгейінде және білім беру мазмұнына койылатын талаптарды белгілейді, білім беру салаларында қолданады. 

Бағдарлама нәтижелері

Тұрғылықты, өндірістік ортаға және халық тұтынатын тауарлар үшін бірегей ұлттық өнер туындыларын дамытады. Жобалық-шығармашылық (тұрғылықты, өндірістік ортаға және халық тұтынатын тауарлар үшін бірегей сәндік өнер туындыларын жасайды). Шығармашылық қызметтің теориялық негіздерін кәсіби қызметке байланыстырып әр түрлі жағдайларға икемді және ұтқыр бола отырып, көркем шығарма саласында авторлық тың идеяларын жүзеге асырып, айрықша шешімдер табу, бірегей өнер туындысын орындауға қабілетті болып табылады.
 

Қабылдау шарттары
  • Сәндік қолданбалы өнер білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Бағыттың ерекшелігіне қарай шығармашылық емтихандар тапсырады. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру  үшін) өтуі қажет. (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектер өзінің кәсіби қызметін өнер саласындағы халық дәстүрлерін, отандық және халықаралық тәжірибе мен заманауи жетістіктерді пайдалана отырып, бірегей сәндік өнер туындыларын орындау аясында жүзеге асырады.
       
     
Оқу жұмыс жоспарлары
Элективті пәндер каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз