- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
- Дене шынықтыру және әскери білім қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады.
- Оқу-тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін қолданып, дене шынықтыру және әскери-патриотық жұмыстарды ұйымдастырады.
- Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолданады және сабақ өткізеді.