shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Оқытушы-профессор құрамы дәріс және тәжірибелік сабақтарда құзыреттілік бағытында тиімді оқыту және бағалау әдістерін қолдану арқылы оқытудың соңғы нәтижелерін жоспарлайды және қол жеткізеді, білім алушылардың пәнге және мамандыққа қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда кафедраның ОПҚ-ы құзыреттілік бағыты шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқыту (экспозиторлы, эксплораторлы және интервениялық) және бағалау (білімді, дағдыны және қарым-қатынас/іс-әрекетті) әдістерін оқу үдерісінде қолданып келеді.

Кафедра ОПҚ-ның белсенділігімен оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар басылып шықты, үздіксіз біліктілік жетілдіру үшін әдістемелік семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастырылады. 

Кафедра доценті, м.ғ.к. Бабаева К.С. «Training Educators of Medical Educators» оқытушылардың педагогикалық біліктілігін жетілдіру сертификатының иесі болып, үздіксіз кәсіби даму секторында «Құзыреттілік бағыты шеңберінде оқу бағдарламаларын, оқыту және бағалау әдістерін әзірлеу» курсы бойынша медицина факультетінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы медициналық орта және жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамына біліктілік арттыру семинарлар ұйымдастырып, өткізген.