Миссия
Миссия: хирургиялық аурулар жалпы практика дәрігерін дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Қазіргі хирургия-медицинаның көптеген ауруларды емдеу мәселелерін сәтті шешеуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткен саласы. Хирургиялық патология кезінде клиникалық ойлауды, білім мен іскерлікті қалыптастыру, диагностика мен тиімді хирургиялық тәсіл принциптері медициналық ЖОО-лар түлектерінің кәсіби қызметінде қажет болады.
Мақсаты:
- Клиника, диагностика, емнің хирургиялық әдістеріне көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау, кең тараған хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеу принциптері туралы білім беру;
- Білімгерлерді хирургиялық науқастарды тексеру әдістемесіне үйрету;
- Тұлғалармен қарым-қатынас жасау және пациенттерге консультация беру машықтарын жетілдіру.